Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер студенттерге есірткі қылмысына қарсы профилактикалық кездесу ұйымдастырды

Атырауда полицейлер студенттерге есірткі қылмысына қарсы профилактикалық кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда жастар арасында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттерден сақтандыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Осы орайда жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Энергетика және құрылыс колледжінде профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысып, студенттерге есірткі құралдарының заңсыз айналымы, оның адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында жастарға құқық бұзушылықтардың алдын алу, теріс әрекеттердің салдары және дұрыс өмірлік таңдаудың маңызы жан-жақты айтылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды.

Сонымен қатар кездесуде белсенділік танытқан студенттерге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай профилактикалық кездесулер жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру