"Менің ата-анам – менің мақтанышым": ШҚО-да республикалық жас суретшілер байқауы өтті
ШҚО-да республикалық жас суретшілер байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бекіткен, қызметтегі адалдық, жауапкершілік пен ашықтық қағидаттарын дәріптеуге бағытталған "Адал полицей" кең ауқымды акциясы аясында ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары арасында "Менің әкем (анам) – менің мақтанышым" тақырыбында республикалық сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқау Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басқармалары мен аймақтық полиция бөлімдері арасында өткізіліп, оған 10–14 жас аралығындағы балалар қатысты. Жас қатысушылар өз туындылары арқылы ата-аналарының қызметіне деген мақтаныштарын, полицей мамандығына деген құрметі мен сенімін бейнеледі.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
I орынды – Өскемен қаласы ПБ кезекші бөлімінің аға инспектор-кезекшісі Айдос Слямбековтың қызы Қуаныш Раяна Айдосқызы иеленді.
II орынды – Өскемен қаласы ПБ кезекші бөлімінің кезекшісі Арнай Болатханның қызы Болатхан Адия Арнайқызы алды.
Ал III орын – Зайсан ауданы ПБ кезекші бөлімінің кезекшісі Нұрбек Болатқановтың ұлы Ерхан Нұрбекұлына бұйырды.
Сонымен қатар байқау аясында бірқатар арнайы номинациялар иегерлері анықталды.
"Қиялы ұшқыр бала" номинациясы – Самар ауданы ПБ қызметкері Әсел Төкенованың ұлы Ерланов Ришад Аманұлына табысталды.
"Көрермен көзайымы" номинациясы – Катонқарағай ауданы ПБ қызметкері Салтанат Артықбаеваның қызы Қабдікәрім Айлинге бұйырды.
"Жас суретші" номинациясы – Риддер қаласы ПБ қызметкері Меруерт Сағындықованың қызы Сағындықова Раяна Ернатқызына берілді.
Бұл байқау жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, заңға құрмет пен ата-ана еңбегіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етіп, "Адал полицей" идеясын отбасы құндылықтары арқылы кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.
