Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер қауіпті кезеңдерде тұрғындарға көмек көрсетті

Абай облысында полицейлер қауіпті кезеңдерде тұрғындарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жыл қауіпті оқиғаларға толы болды. Бірақ олардың әрқайсысының негізінде адам өмірі тұрды.

Тек өткен жылдың өзінде бұқаралық ақпарат құралдарында көмек көрсету мен адамдарды құтқаруға қатысты 52 дерек жарияланды. Ал камера мен тілшілер жетпеген, кадр сыртында қалған қаншама сәт бар десеңізші.

Жас қызметкерлер аяз бен боранда, аптап ыстықта, жаңбыр мен көктайғақта — әр минут қымбат кезде — өз өмірлерін қатерге тікті. Олар адамдарды қауіпті жағдайдан алып шығып, тас жолдарда көмек көрсетті, қолайсыз ауа райында қиындыққа тап болған жандарды алып жүріп, аман сақтап қалды.

Жыл қорытындысы бойынша 20-дан астам адам құтқарылды. Бұл сандарды толық өлшеу мүмкін емес — өйткені олардың артында жай статистика емес, отбасылар, балалар, ата-аналар және үйіне аман-есен оралған жандар тұр.

Боран мен қатты аязда полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларға көмектесті, қозғалыс пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті, адамдар табиғаттың қатал мінезімен бетпе-бет қалмас үшін тұтас автокөлік колонналарын алып жүрді.

Полиция кез келген уақытта азаматтарға көмек беруге дайын екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру