Абай облысы ПД бастығының орынбасары Ақсуат ауданында жедел кеңес өткізді
Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ақсуат ауданында жедел кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов Ақсуат аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен 2025 жылғы қызметтік жұмыс қорытындылары бойынша жедел кеңес өткізді.
Кеңес барысында өткен жылы атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланып, жедел-қызметтік қызметтің негізгі көрсеткіштері талқыланды. Қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, халықпен кері байланысты нығайту және полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер белгіленді.
Жиын соңында Елдос Закимов жеке құрамға алдағы кезеңге қойылған нақты тапсырмаларды айқындап, қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, кәсіби жауапкершілікті арттыру қажеттігін атап өтті.
