Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлердің балалары сурет байқауына қатысты

Атырауда полицейлердің балалары сурет байқауына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Адал полицей" кең ауқымды республикалық акциясы аясында және "Есірткіге жол жоқ!" ұранымен Атырау облысы полиция департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары арасында "Менің әкем (анам) – менің мақтанышым" тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметіне деген құрметті арттыру, өскелең ұрпақтың отбасылық және патриоттық құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылардың жұмыстары тақырыптың ашылуы, көркемдік деңгейі және шығармашылық ерекшелігі бойынша бағаланды. Нәтижесінде жарысқа белсенді қатысқан кішкентай қатысушылар департамент бастығы Оңал Бекеевтің атынан сертификат, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру