Маңғыстау облысында патрульдік полиция 3 мыңнан астам автокөлікті қауіпсіз алып жүрді
Маңғыстау облысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 3 мыңнан астам автокөлікті қауіпсіз алып жүрді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерге көмек көрсету мақсатында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақтау – Жаңаөзен және Жетібай – Шетпе автожолдарында ауқымды іс-шаралар өткізді.
Аталған бағыттарда полиция қызметкерлері 3 мыңнан астам автокөлікті қауіпсіз түрде алып жүріп, жол қозғалысын реттеді. Әсіресе жеңіл көліктерге, жолаушылар тасымалдайтын автобустарға және жүк көліктеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері:
• автокөлік легін қауіпсіз сүйемелдеді;
• жол қозғалысын реттеп отырды;
• жүргізушілерге жол жағдайы туралы ақпарат берді;
• төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдады.
Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларға ыстық шай таратылды. Бұл азаматтардың тоңып қалмауының алдын алуға және олардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларына жол берілмей, азаматтардың қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тәулік бойы жалғасуда.
