Қызылордада полицейлер студенттерге киберқылмысқа қарсы профилактикалық іс-шара өткізді
Қызылордада полицейлер студенттерге киберқылмысқа қарсы профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Заң мен Тәртіп" идеологиясын ілгерілету, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен құқықтық және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Азиз Шагиров Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесті
Кездесудің басты мақсаты – қаржылық сауатты арттыру және киберқылмыстың алдын алу, жастардың құқықтық санасын қалыптастыру және азаматтарды құқыққа қарсы қызметке тарту тәуекелдерін төмендету.
Кездесу барысында полицейлер киберқылмыстың негізгі түрлерін, интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық схемаларды, сондай-ақ жеке деректер мен қаржылық ақпаратты қорғау тәсілдерін түсіндірді.
Сонымен қатар дроппер ретінде заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесіне ерекше назар аударылды. Яғни, банктік карталарды, шоттарды немесе электронды әмияндарды үшінші тұлғаларға беру сияқты заңсыз әрекеттер туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, мұндай қадамдар ауыр құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екендігін түсіндірді.
Іс-шара барысында жастар цифрлық қауіпсіздікке қатысты өзекті сұрақтарды белсенді қойды.
Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, заңға деген құрметін нығайтуға зор ықпал ететіні сөзсіз.
