Түркістан облысында бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Түркістан облысында полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында пәтер ұрлығы бойынша күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала анықталғандай, ер адам түнгі уақытта үй иелері жоқ кезде терезеден заңсыз кіріп, ASER ноутбугі мен алтын бұйымдарды ұрлаған. Ұрланған мүліктің жалпы шығыны шамамен 1 млн 800 мың теңгені құраған.

Құқық бұзушы ұрланған мүлікті ломбардқа өткізген. Полиция қызметкерлері жүргізген шаралар нәтижесінде алтын бұйымдар мен ноутбук тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктінің тағы бір ұқсас қылмысқа қатыстылығы анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Төлеби ауданының полиция қызметкерлерімен тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
