Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда күрделі қылмыстық істі ашқан полицейлер марапатталды

Қарағандыда күрделі қылмыстық істі ашқан полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысының полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттері мен бірқатар нарколабораториялардың қызметіне қатысты қылмыстарды ашу және тергеп-тексеру барысында көрсеткен жоғары кәсібилігі мен нәтижелі еңбегі үшін марапатталды.

"Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жүргізілген бұл ауқымды қылмыстық іс өңірдегі білікті мамандардың күшін біріктірген тергеу-жедел тобының құрылуына негіз болды.
Жедел-тергеу іс-шараларының нақты жоспарлануы, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы және қызметкерлердің үйлесімді әрі тиянақты әрекеттерінің арқасында қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық фигуранттар заң аясында жауапқа тартылып, сот үкімімен елеулі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қарағанды облысы ПД қызметкерлерінің жоғары кәсіби даярлығы, жауапкершілігі мен қызметтік борышқа адалдығы ел басшылығы тарапынан жоғары бағаланды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденов олардың "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесін атап өтіп, тергеу-жедел тобы құрамындағы қызметкерлерді марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды.

Операцияға жалпы басшылықты Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Утеуов жүзеге асырды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысына бақылау облыстық ПД тергеу басқармасының бастығы Талғат Меймановқа жүктелсе, жедел сүйемелдеуді облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Мансур Даиров қамтамасыз етті.

Теміртау қаласы полиция басқармасының тергеушілері Михаил Арутюнян мен Бекзат Акановтың, сондай-ақ Саран қаласы полиция бөлімінің тергеушісі Айгүл Наурызбайдың кәсіби шеберлігі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар тергеу-жедел тобының құрамында облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Әбілқас пен облыстық ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Жасулан Кенжетаев қызмет атқарды. Олардың жанқиярлығы, табандылығы мен принципшілдігі әлеуметтік маңызы зор, күрделі қылмыстық істің ашылуына және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға шешуші үлес қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру