Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда босатылған азаматтарды еріктілік қызметке тарту бағытында іс-шара өтті

Атырауда босатылған азаматтарды еріктілік қызметке тарту бағытында іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі өткізген жедел кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мақсатында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қоғамға бейімдеу және еріктілік қызметке тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Аталған тапсырмалар аясында Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 79 мекемесінде Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі мен еріктінің қатысуымен түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында босатылған азаматтарды еріктілік қызметке тартудың маңызы, олардың қоғамға қайта бейімделуіне көрсетілетін қолдау шаралары, сондай-ақ әлеуметтік пайдалы қызметке қатысу арқылы заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың қоғамға сәтті бейімделуіне және қылмыстың алдын алуға оң ықпал ететін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру