Жетісу облысында "Біз есірткіге қарсымыз" ұранымен спорттық жарыс ұйымдастырылды
Жетісу облысында "Біз есірткіге қарсымыз" ұранымен спорттық жарыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарқан ауданында әртүрлі жас санаттары бойынша Жетісу облысының шаңғы спортынан чемпионаты өтті. "Біз есірткіге қарсымыз" атты ұранмен ұйымдастырылған спорттық дода кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын әуесқойларды бір арнаға тоғыстырды. Бұл шара спорттың саналы әрі жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы маңызын айқын көрсетті.
Жарыс салауатты бәсеке, бірлік пен өзара қолдау рухында өтті. Көптеген қатысушылар үшін бұл чемпионат тек физикалық төзімділікті сынау ғана емес, сонымен қатар өз ұстанымын ашық білдіру — спортты, тәртіпті және зиянды әдеттерден ада болашақты таңдау мүмкіндігі болды.

Жарыс басталар алдында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушылар мен қонақтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында есірткі қылмыстары үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, заң талаптарын сақтау мен өмірлік бағдарларды саналы түрде таңдаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Сарқан ауданында өткен чемпионат спорттың қоғамдағы жағымсыз құбылыстардың алдын алудағы ең тиімді құралдардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай іс-шаралар физикалық денсаулықты нығайтумен қатар, заңға, саналы көзқарасқа және белсенді өмірлік ұстанымға негізделген құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
