Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ІІО қызметкерлері арасында зияткерлік турнир ұйымдастырылды

Алматыда ІІО қызметкерлері арасында зияткерлік турнир ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда "Адал полицей" жобасын іске асыру аясында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында зияткерлік турнир ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адал қызмет қағидаттарын нығайту.
Турнирге қала полициясының түрлі бөлімшелерінен құралған командалар қатысты.

Қатысушылар заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормалары бойынша білімдерін көрсетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты қызметтік жағдайларда заңды әрі салмақты шешім қабылдау дағдыларын сынады.

Турнир қорытындысы бойынша І орынды "Алаш" командасы иеленді. ІІ орын "Бәйтерек" командасына бұйырса, ІІІ орынды "Қыран" командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Алматы қаласы полициясында мұндай зияткерлік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар кәсіби мәдениетті арттыруға, құқықтық сананы дамытуға және қызметтік ортада сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.

— "Адал полицей" жобасы әрбір қызметкердің қабылдайтын шешімдері үшін ішкі жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Осындай зияткерлік форматтар заңнама мен қызметтік әдепті тексеріп қана қоймай, адалдық, принципшілдік және заңға құрмет сияқты ортақ құндылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру