Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны 24-ке жетті

Жетісу облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны 24-ке жетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде Жетісу облысында қоғамға үлгі бола алатын 24 ауыл бар. Бұл ауылдарды біріктіретін ортақ әрі батыл шешім — алкогольден толықтай бас тартқан. Бұл қадам ұлт саулығын нығайтуға, қоғамдық құндылықтарды бекемдеуге бағытталған саналы әрі жауапты таңдау десек болады.

Осындай игі бастаманың жарқын үлгісінің бірі — Ақсу ауданында орналасқан Егінсу ауылы. Ауыл тұрғындары өз қауымдастығының денсаулығы мен қауіпсіздігін, келешегін басты орынға қойып, салмақты әрі жауапты шешім қабылдады. Бұл шешім жергілікті белсенділердің, қоғамдық ұйымдардың және салауатты, үйлесімді өмір салтын ұстануға ұмтылған ауыл халқының бірлескен еңбегінің нәтижесі болды.

Алкогольден бас тарту — әр адамның жеке таңдауы ғана емес, сонымен қатар ортақ игілікке қосылған зор үлес. Ол халық денсаулығын сақтауға, отбасы құндылықтарын нығайтуға, тұрмыстық жанжалдарды азайтуға және балаларды қауіпсіз, тыныш ортада тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Жетісу облысының ауыл тұрғындары өз істерімен дәлелдеді: өзіне және айналасына деген жауапкершілік — шынайы дамудың негізі. Олардың өнегесі қоғамды ойландырумен қатар, денсаулықты, жауапкершілікті және болашақты таңдаудың мүмкін ғана емес, өмірлік маңызы бар шешім екенін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру