Ақмола облысында кезекті ауыл салауатты өмір салтын таңдады
Ақмола облысында кезекті ауыл салауатты өмір салтын таңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында өткен "Қауіпсіз аула" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері басқа қызметтермен бірлесіп қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жалғастырды.
ЖПІШ барысында тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 4,6 мыңнан астам адам тексерілді. 158 бұзушылық анықталды, 96 адам диспансерлік есепке қойылды, сотқа алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды мәжбүрлеп емдеуге материалдар жіберілді.
Іс-шараның маңызды қорытындыларының бірі 120-ға жуық адам тұратын Егіндікөл ауданының Буревестник ауылының тұрғындарының алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан толықтай бас тарту шешімі болды.
Шешім ақсақалдардың, әкімдік өкілдерінің қатысуымен және құқық қорғау органдарының қолдауымен ауыл тұрғындарының жалпы жиналысында бірауыздан қабылданды.
Тұрғындар алкогольден бас тарту тұрмыстық жанжалдарды азайтуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және халықтың денсаулығын сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Сауда нүктелерінің иелері де алкоголь өнімдерін сатудан бас тартуға дайын екендіктерін білдірді. Қабылданған қадам ауыл тұрғындарының тыныш, қауіпсіз және гүлденген өмірдің пайдасына саналы таңдауы болды.
Полиция құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстануға шақырады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуға, сондай-ақ арнайы бөлінген орындардан тыс көшелер мен аулаларда темекі тұқылдары мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға жол бермеуге шақырады.
