Екібастұзда "Қауіпсіз аула" іс-шарасы аясында полицейлер қала көшелерін патрульдеді
Павлодар облысында "Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Екібастұз қаласының көшелерінде патрульдеу жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету — учаскелік полиция инспекторлары қызметінің басым бағыттарының бірі.
"Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Екібастұз қаласында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері өз қызмет көрсету аумақтарында профилактикалық жұмыстар атқарды. Полицейлер көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және қоғамдық орындарды аралап, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ азаматтарға жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларын түсіндіруге ерекше көңіл бөлді.
– Аталған іс-шара қоғамдық тәртіп деңгейін арттыруға және тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша өзін қауіпсіз сезінуін қалыптастыруға бағытталған. шара барысында қоғамдық орындарда алкогольдік мас күйде болуға байланысты құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ азаматтардың тыныштығы мен тынығуын бұзуға ерекше назар аударылды. Анықталған әрбір құқық бұзушылық фактісі бойынша құқық бұзушылармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді, – дейді Екібастұз қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының командирі Арман Құрманғали.
