Қиын істер тергеушіні кәсіби шеберлікке жетелейді
Антына адал сақшылардың бірі, тергеуші Жанар Танышева Pоlisia.kz сайтына қызметі жайлы айтып берді.
Жанар Танышева бала кезінен полицияда қызмет етуді армандаған. 2007 жылы ол Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөліміне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болып қабылданды. Белсенді әрі табанды мінезінің арқасында Жанар кейін анықтау және тергеу бөлімдеріне ауысып, жаңа бағытты тез меңгерді.

Осы уақытқа дейін полиция подполковнигі Жанар Танышева Петропавл қалалық полиция басқармасының жеке адамға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінде қызмет етеді. Ол көбінесе ауыр және аса ауыр қылмыстарды тергейді. Күрделі істерде кәсіби шеберлігін көрсетіп, өткен күзде адам өлтіру фактісі бойынша тергеуді небәрі 9 күнде аяқтады. Бұл Солтүстік Қазақстан облысында рекордтық мерзім болып саналады.
Табандылығы мен кәсібилігі Жанарға қысқа мерзімде нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол қиындықтарды қорқыныш емес, кәсіби сынақ ретінде қабылдайды және Заңның салтанатын қамтамасыз етуге ұмтылады.

