Қызылорда облысында қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы ҚАЖД мекемелерін аралады
Қызылорда облысында қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы ҚАЖд мекемелерін аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облыстық қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Тасболат Қалымбетов қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37, №60 мекемелерін аралап, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайымен танысты.
Жазасын өтеушілерді жеке сұрақтарымен қабылдап, олардың өтініштерін мұқият тыңдаған Тасболат Шакенұлы заң аясында нақты әрі тұшымды жауаптарын берді.
Бұдан кейін Тасболат Шакенұлы №68 тергеу изоляторына барып, айыпталушылар мен күдікті азаматтардың жағдаймен танысып,олардың өтініштерін тыңдады.
– Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде ұсталатын азаматтарға заң талаптарына сай жағдай жасалып отырғанына көз жеткіздік. Жазасын өтеушілердің өтініштері назардан тыс қалмай, олардың басым бөлігі оң шешімін тапты. Әсіресе, №68 тергеу изоляторындағы медицина бөлімінің толық жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі – атқарылған жұмыстардың нақты нәтижесі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табуы тиіс, – деді Тасболат Шакенұлы.
