Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізуде

Павлодар облысында полицейлер интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын тұрақты түрде аралап, ақпараттық брошюралар таратады. Жеке әңгімелесу барысында полицейлер азаматтарға қылмыскерлер қолданатын негізгі схемаларды түсіндіріп, жеке деректер мен ақшалай қаражатты қорғау бойынша практикалық кеңестер береді.

Интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, өздерін банк және құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардың қоңыраулары, "күдікті операциялар" туралы хабарламалар, жалған интернет-дүкендер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтықтар. Құқық қорғау органдарының өкілдері шынайы банк қызметкерлері ешқашан PIN-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының CVV-кодтарын және SMS-хабарламалардағы кодтарды сұрамайтынын еске салады.

Аралау кезінде тұрғындарға қарапайым, бірақ тиімді қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі түсіндіріледі: күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз қосымшаларды орнатпау, сенімсіз дереккөздерден алынған ақпаратты тексеру, сондай-ақ интернеттегі жеке деректерге қолжетімділікті шектеу.

– Профилактикалық жұмысқа әсіресе қашықтан жасалатын алаяқтардың құрбанына жиі айналатын егде жастағы азаматтармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Таратылатын брошюраларда алаяқтарды қалай тануға болатыны, күмәнді қоңырау немесе хабарлама түскен жағдайда не істеу керектігі және алаяқтық әрекетке талпыныс немесе оның фактісі болған кезде қайда жүгіну қажет екені жөнінде кезең-кезеңімен нұсқаулықтар берілген. Мұндай ақпараттың болуы азаматтарға тез бағдар алып, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Профилактикалық аралаулар мен түсіндіру жұмыстары халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар санын азайтуға және полиция мен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді, – деп атап өтті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлім бастығының міндетін атқарушы Олжас Рашитов.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағы болуға, алаяқтардың арандатуына ермеуге және мұндай фактілер туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Интернеттегі қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі, ал азаматтар мен полицияның бірлескен күш-жігері интернет-алаяқтықпен тиімді күрестің кепілі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру