Қостанайда полицейлер мектеп түлектеріне кәсіби бағдар берді
Қостанайда полицейлер мектеп түлектеріне кәсіби бағдар берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласының полиция басқармасы мектеп түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.

Шара барысында оқушылар ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктерімен танысып, криминалистердің, ЖҚАЖ қызметкерлері мен "Арлан" оқу-жаттығу взводының жұмысын көрді.

Сондай-ақ қызметтік техника, қару-жарақ және ІІО формаларынан көрме ұйымдастырылды.
– Бүгін біз жастарға полиция қызметінің қаншалықты алуан түрлі екенін көрсетіп, ішкі істер органдарында қызмет етудің мүмкіндіктері туралы ақпарат бердік. Осы түлектердің ішінде ІІО-да қызмет еткісі келетін жастар бар екеніне сенеміз, — деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев.
Академия курсанттары офицерлік вальс пен арнайы дайындық элементтерін көрсетті. Кинологтар қызметтік иттердің жұмысын таныстырды, ал ЖҚАЖ қызметкерлері әсерлі көрсетілімдер өткізді.

Іс-шара музыкалық нөмірмен және оқушылармен еркін әңгімелесумен аяқталды.

Полициядағы қызмет — дұрыс таңдаудан басталады. Көптеген жастар үшін бұл күн арманға бастар алғашқы қадам болды.
