Екібастұзда жеке құраммен қызметтік мәдениет мәселелері талқыланды
Екібастұзда жеке құраммен қызметтік мәдениет мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акция аясында полиция қызметкерлері үшін қызметтік тәртіпті нығайтуға және қызметтік әдеп нормаларын сақтауға бағытталған профилактикалық әңгіме өткізілді.
Жеке құрам алдында түсіндіру дәрісімен департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Мәди Тлемісов сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқарудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Іс-шара соңында қызметкерлерге қызметтік қызмет барысында адалдық, жауапкершілік және заңдылық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және ішкі істер органдарына деген халық сенімін нығайтуға ықпал етеді.
