Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері тасжолдағы қауіпті жағдайдың алдын алды

Алматы – Өскемен тасжолының 996-шақырымында техникалық ақауға ұшыраған DAF жүк көлігі жолдың ортасында көлденең тұрып қалып, қозғалысқа кедергі келтірді. Апаттық жағдайдың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жедел шаралар қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін Жарма аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы Бақытжан Кәрім оқиға орнына дереу жетіп, жол қозғалысын реттеді.

Арнайы техниканың көмегімен жүк көлігі жолдың жүріс бөлігінен шығарылып, тасжолдың шетіне орналастырылды. Нәтижесінде көлік қозғалысы қалыпты жағдайға келтіріліп, жолдағы қауіп жойылды. Оқиға орнында қауіпсіздік талаптары толық сақталды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көліктерінің техникалық жағдайын алдын ала тексеруге және төтенше жағдайларда полиция қызметкерлерінің талаптарын орындауға шақырады.

Жол қауіпсіздігі — әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру