Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында "Браконьер" ЖПІШ аясында рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Павлодар облысында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз аң аулау және балық аулау фактілерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық қару айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау.

Полиция қызметкерлері азаматтармен профилактикалық түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, аңшылық және балық аулау қағидаларына қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіруде.

Аңшылық қаруын сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтау мәселелеріне, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерін қорғау мен қоршаған ортаны сақтау шараларына ерекше назар аударылуда.

Аталған іс-шаралар азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қарауын арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру