Маңғыстауда есірткіге қарсы акция аясында дзюдо турнирі өтті
Маңғыстауда есірткіге қарсы акция аясында дзюдо турнирі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен сенбі күні Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғановтың жетекшілігімен есірткіге қарсы іс-қимыл және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дзюдо турнирі ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шара жергілікті тұрғындардың бастамасымен полицияның қолдауымен өткізілді. Турнирге 200-ден астам адам қатысып, спортшылар, жаттықтырушылар мен қоғам өкілдері белсенділік танытты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында спортты насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция мен қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Турнир қорытындысы бойынша полиция департаментінің бастығы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, әрқайсысына алғыс хат табыстады.
Маңғыстау облысының полициясы қоғамның қауіпсіздігі мен салауатты ұрпақ тәрбиесіне бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.
