Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция азаматтарды абаттандыру ережелерін сақтауға шақырады

Полиция азаматтарды абаттандыру ережелерін сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында "Таза Қазақстан" бағдарламасын іске асыру және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында полиция қызметкерлері санитарлық тәртіпті қамтамасыз етуге әрі экологиялық заңнаманың сақталуына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

Полиция қызметкерлері күн сайын абаттандыру қағидаларын бұзудың, қоғамдық орындарды ластаудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Сонымен қатар ассенизаторлық көліктердің жүргізушілері тарапынан заңсыз әрекеттерді анықтауға ерекше назар аударылуда.

– Полицияның негізгі міндеті – құқық бұзушылықтарды тіркеу ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары арасында қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Біз күнделікті рейдтер жүргізіп, заң бұзушылықтардың алдын аламыз және жолын кесеміз. Бұл – Алматының таза әрі қауіпсіз қала болып қалуы үшін атқарылып жатқан маңызды жұмыс, – деді Алматы қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Қала тұрғындары абаттандыру қағидаларын бұзу және аумақты ластау деректері бойынша полицияның "102" пультіне хабарласып, құқық қорғау органдарының жедел әрекет етуіне үлес қоса алады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру