Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде қызметкерлер арасында үстел теннисінен жарыс өтті. Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің бірлігі мен ынтымағын арттыру.

Сайысқа қатысқан қызметкерлер өздерінің жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар нағыз спорттық рухты танытып, командалық қолдауды көрсетіп, тартысты ойындар ұйымдастырды.

Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды Аян Досанов, екінші орынды Нұрислам Парамурыз ал, үшінші орынды Жандос Жақаев иеленді. Ал үздік ойыншы атағы Ақниет Нұрыллаевқа берілді.

Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ернияз Жеңістің айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің физикалық дайындықтарын арттыруға, командалық рухты нығайтуға және жұмыс орнында бірлікті қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ол болашақта осындай жарыстар дәстүрлі түрде өткізіліп, әр қызметкерге өз шеберлігін көрсету мүмкіндігі берілетінін атап өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хаттар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру