Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: Елімізде "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Әйелдердің құқықтарын қорғау, балалардың қауіпсіздігі мен отбасылық құндылықтарды сақтау Мемлекет басшысы мен ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, оның ішінде алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 15-22 ақпан аралығында ел аумағында "Тұрмыс" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері:

– тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді;

– қолайсыз отбасылармен алдын алу жұмыстарын жүргізеді;

– құқықтық ықпал ету шараларын қабылдайды;

– құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;

– зардап шеккендерді қорғауды және қолдауды қамтамасыз етеді.

Үкіметтік емес ұйымдармен және дағдарыс орталықтарымен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

– Құрметті азаматтар! Біз сіздерді зорлық-зомбылық фактілеріне бей-жай қарамауға шақырамыз. Егер сіз көршілеріңіздің арасында, таныстарыңыз бен туыс арасында немесе көшеде кездейсоқ заңсыз әрекеттерге куә болсаңыз бей-жай қалдырмаңыз. Кейде бір ғана уақытылы қоңырау шалу немесе қарапайым ғана әрекет ету біреудің өмірін сақтап, бір баланы үрейден қорғай алады. Біз зорлық-зомбылыққа төзбеушілік таныту арқылы ғана қауіпсіз және әділ қоғам құра аламыз, – деді ІІМ ӘПК-нің басқарма бастығы Ақмарал Серікбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру