Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жастар – салауатты өмір салтын қолдайды: Қызылорда облысында есірткіге қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды

Қызылорда облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен ауқымды есірткіге қарсы акциялар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шаралардың басты мақсаты — жастар арасында есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Акциялар аясында өңірдегі білім беру ұйымдарында мазмұнды әрі әсерлі бағдарламалар ұйымдастырылды. Есірткіге қарсы үгіт-насихат бригадалары өнер арқылы өз қатарластарына денсаулықтың қадірін, саналы таңдау жасаудың маңызын және болашаққа жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді.

Шара барысында тақырыптық би және театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, әндер орындалды, әлеуметтік бейнероликтер ұсынылды, ақпараттық-түсіндірме материалдары таратылды. Белсенділік танытқан қатысушылар мен ұжымдарға алғыс хаттар табысталып, олардың есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы еңбектері жоғары бағаланды.

Ұйымдастырылған іс-шараларда 1500-ден астам көрермен, ұйымдастырушы және қатысушы болды. Бұл атқарылып жатқан жұмыстың өзектілігі мен қоғамдық маңызын айқындайды.

Ең үздік есірткіге қарсы акцияларды: Шиелі ауданының №49 орта мектебі, Қармақшы ауданының №99, 144, 183, 30 орта мектептері және Қазалы ауданының №25 орта мектебінің оқушылары дайындады. Олар креативтілігімен, шынайылығымен және терең әлеуметтік мазмұнымен ерекшеленді.

Өткізілген акциялар жас ұрпақтың санасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру