Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол қауіпсіздігі — басты назарда: Қостанайда полицейлер заманауи технологияны пайдаланып жатыр

17-19 ақпан аралығында Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шаралар аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары — дрондар белсенді түрде қолданылуда. Оларды пайдалану жол жағдайын бақылаудың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді:

 — апаттық қауіпті учаскелерде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтауға;

 — қарсы қозғалыс жолағына шығу деректерін тіркеуге;

 — белгіленген жылдамдық режимінің сақталуын бақылауға;

 — тыйым салынған жерлерде басып озу фактілерін анықтауға.

Айта кету қажет, ұшқышсыз технологияларды қолдану айыппұл санын арттыруға емес, ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.

Өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру және қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру