Жетісу облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд өтті
Жетісу облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысында полиция қызметкерлері бір түн ішінде қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс-шаралар елді мекен көшелерін, тұрғын үйлердің аулаларын және жолдың қарқынды учаскелерін қамтыды.
Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша полиция бөлімдеріне 28 құқық бұзушы жеткізілді, оның ішінде 8 адам медициналық айықтырғышқа орналастырылды.
Ұсақ бұзақылықтың 2 дерегі, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде жүрудің 15 дерегі, дәрігердің тағайындауынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын тұтынудың 11, жаяу жүргіншілерге немесе өзге де жол қозғалысына қатысушыларға жол бермеудің 2 дерегі тіркелді. Көлік құралын мас күйінде басқарудың бір дерегі және басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған адамдардың көлік басқаруы бойынша 8 дерек тіркелді. Жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 29 дерек анықталды.
Бұдан бөлек, 13 көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
Мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп, құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар олардың алдын алуға бағытталған.
— Әрбір анықталған дерек — бұл тек есептегі сан емес, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алу. Заңды шараларды қабылдау — қауіпсіз әрі қолайлы қоғам қалыптастырудың негізі, — деп атап өтті Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері.
Ведомствода профилактика жұмысы негізгі бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті. Басты міндет — құқық бұзушылықтарға жол бермеу, заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру және өңір тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету.
