Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоғамдық көліктерге бақылау күшейтілді

Мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнатуға бағытталған республикалық "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру тек автобустарға ғана емес, мегаполис аумағында жолаушыларды тасымалдайтын барлық көлікке жүргізіледі. Көліктің техникалық жағдайына, рұқсат құжаттарының болуына, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуына, сондай-ақ заңсыз тасымал фактілеріне аударылады.

– Жолаушылар қауіпсіздігі – басты назарда.. Биыл қоғамдық көліктердің қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 31 адам жарақат алды. Бұл профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін көрсетеді. Аталмыш іс-шара аясында біз тек қоғамдық көліктерді ғана емес, барлық тасымалдаушыны тексереміз. Біздің міндетіміз – қатаң бақылау жүргізу, заңсыз тасымал фактілерін болдырмау және қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Жолдағы заң мен тәртіп — қала тұрғындарының қауіпсіздігінің кепілі, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру