Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көші-қон қызметі шетелдік студенттермен профилактикалық жұмысты күшейтуде

Алматыда көші-қон қызметі шетелдік студенттермен профилактикалық жұмысты күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының көші-қон қызметі қызметкерлері Каспий университет студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының болу тәртібі, визаны рәсімдеу және ұзарту қағидалары, көші-қон есебіне қою талаптары, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік жан-жақты түсіндірілді.

Қазіргі уақытта аталған оқу орнында шамамен 1,5 мың шетелдік студент білім алуда.

– Біздің міндетіміз – тек бақылау жүргізу ғана емес, алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру. Әрбір шетелдік студент Қазақстан Республикасының заң талаптарын толық түсініп, белгіленген елде болу тәртібін сақтауы тиіс. Құқықтық сауаттылық – алаңсыз білім алудың және көші-қон мәртебесіне қатысты мәселелердің туындамауының кепілі, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полиция өкілдері мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және қабылдаушы елдің заңнамасына құрметпен қарау қағидатын қалыптастыру екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру