Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ПД бастығы ЖҚАЖ қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығын тексерді

Жетісу облысында ПД бастығы ЖҚАЖ қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында өңірдің бас полицейі арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерінің жауынгерлік және тактикалық дайындығын жеке өзі тексерді. Іс-шара барысында жеке құрамның кәсіби деңгейі, физикалық даярлығы, шұғыл жағдайларда үйлесімді әрекет ету қабілеті жан-жақты бағаланды.

Тексеру кезінде тактикалық тәсілдерді пысықтауға, қауіпті әрі күрделі жағдайларда әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды. Арнайы жасақ жауынгерлерінің жоғары тәртібі мен қызметке дайындығы атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Жетісу облысы полиция департаменті басшысы қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік танытқан қызметкерлерді марапаттады.

— Мен үшін жауынгерлеріміздің кез келген сын-қатерге дайын екеніне жеке көз жеткізу аса маңызды. Олардың шапшаң әрі кәсіби әрекеті — Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің берік кепілі, — деп атап өтті департамент басшысы.

Іс-шара жеке құрамның саптық шеруімен аяқталып, ол тәртіптің, бірліктің және қызметке адалдықтың айқын көрінісіне айналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру