Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны тергеу кезінде кәсібилік танытқан полицейге алғыс білдірді

ШҚО тұрғыны тергеу кезінде кәсібилік танытқан Абай облысының полицейіне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Алтай қаласының тұрғыны Үржар ауданы полиция бөлімінің анықтау бөлімшесінің аға анықтаушысы Нұрбол Баженовқа жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында көрсеткен жоғары кәсібилігі мен адал қызметі үшін шынайы алғыс білдірді.

Өтініш иесінің айтуынша, тергеу әрекеттері заң талаптарына толық сәйкес жүргізіліп, істің барлық мән-жайлары жан-жақты әрі объективті зерттелген. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде заңнаманы жетік меңгеруі, процессуалдық тәртіпті қатаң сақтауы және әрбір дәлелге мұқият қарауы – әділ шешім қабылдаудың берік негізіне айналған. Нәтижесінде, кінәлі тұлға заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар іс жүргізу барысында процессуалдық шешімдер белгіленген мерзімде қабылданып, іске қатысушылардың құқықтары мен міндеттері толық көлемде түсіндіріліп, қамтамасыз етілгені ерекше атап өтілді. Бұл – құқық қорғау қызметінің ашықтығы мен заңдылық қағидаттарына берік ұстанымының айқын көрінісі.

Полиция қызметкерінің кәсібилігі, жауапкершілігі және антына адалдығы – азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтатын басты құндылықтардың бірі. Осындай қызмет үлгісі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және заң үстемдігін орнықтырудың маңызды кепілі

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру