Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Үлгілі жүргізуші" акциясы өткізілді

Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында "Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында "Үлгілі жүргізуші" профилактикалық акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер арасында тәртіп пен жауапкершілікті нығайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызын кеңінен насихаттау.

– Акция барысында қала аумағында жүргізушілерге жоспарлы тексеріс жүргізілді. Тексеру кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзбаған, көлік құралын талапқа сай басқарған және құжаттары толық, техникалық жағдайы талаптарға сәйкес жүргізушілер "Үлгілі жүргізуші" ретінде арнайы марапатқа ие болды, – деп атап өтті әкімшілік полиция басқармасы үгіт-насихат тобының инспекторы Мөлдір Назынбекова.

Тәртіпті жүргізушілерге, "Заң мен тәртіп" идеологиясының нышаны ретінде арнайы брелоктар табысталды.

Іс-шара аясында тәртіп сақшылары жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру