Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заң және жастар таңдауы: Жетісуда студенттермен профилактикалық кездесу өтті

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика-математика факультетінде Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Нашақорлық — ғасыр дерті" тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында мамандар есірткінің адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны туралы айтып, оның алдын алу шараларын түсіндірді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік жөнінде еске салды. Студенттер диалогқа белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.

— Ел болашағы — саналы жастардың қолында. Заңға құрмет пен салауатты өмір салты — қателіктен қорғайтын сенімді қалқан, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Кездесудің негізгі мақсаты — студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және Жетісу облысында заңға бағынатын қоғам қағидаттарын нығайту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру