Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД-ның "Титан" хоккей командасы VII қысқы спартакиадаға дайындалуда

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің "Титан" хоккей командасы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында өтетін VII қысқы спартакиадаға тыңғылықты дайындалып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спартакиада – қызметкерлер арасындағы бірлік пен ұйымшылдықты нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптейтін беделді спорттық дода. Еліміздің әр өңірінен жиналатын командалар өзара мықтыны анықтап, шеберліктерін шыңдайды.

Қазіргі уақытта "Титан" командасының жаттығулары қарқынды өтуде. Спортшылар тактикалық әдіс-тәсілдерді пысықтап, физикалық дайындығын арттырып, командалық үйлесімділікті күшейтуде. Жігерлері жоғары, мақсаттары айқын.

VII қысқы спартакиада – бұл тек жарыс емес, намыс пен рух сыналар үлкен алаң.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру