Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жол ережесін бұзған жүргізушілерді дрон арқылы анықталуда

Алматы облысында жол ережесін бұзған жүргізушілерді дрон арқылы анықталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында заманауи технологияларды енгізуде. Тиімді профилактикалық құралдардың бірі – жол жағдайын бақылау және жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтардың жолын кесу үшін қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттары, яғни дрондар.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзудан туындайды. Ең қауіпті құқық бұзушылықтар – белгіленген жылдамдықты асыру және қарсы қозғалыс жолағына шығу. Дәл осы әрекеттер ауыр зардаптарға әкеліп соғады.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері қарсы бағытқа арналған жолаққа шығудың 97 дерегін анықтады. Барлық құқық бұзушылықтар құжатталып, заңнамаға сәйкес қаралды.

– Дрондарды пайдалану құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде, әсіресе апаттық қауіпті учаскелер мен көлік қозғалысы қарқынды жолдарда тіркеуге мүмкіндік береді. Әуе арқылы бақылау объективтілік пен ашықтықты қамтамасыз етіп, жауапкершіліктің бұлтартпастығын күшейтеді. Барлық материалдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рәсімделіп, қаралады, – деп хабарлады патрульдік полицейлер.

"Заң мен Тәртіп" қағидаты полиция қызметінің негізгі бағыты болып қала береді. Жаңа технологияларды қолдану ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған.

Негізгі мақсат – жазалау емес, құқық бұзушылықтың алдын алу және жолдағы тәртіп мәдениетін қалыптастыру. Жол қозғалысы қағидаларын сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті әрі ортақ қауіпсіздіктің кепілі. Заң мен тәртіптің қызметіндегі дрондар – қауіпсіз әрі тәртіпті жолдарға жасалған тағы бір маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру