Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция әкімшілік қамауды қалай жүзеге асыратынын көрсетті

Алматы қаласында сот шешімімен әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған қабылдау-тарату мекемесі жұмыс істейді. Аталған мекемеге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сотпен қамау жазасы тағайындалған азаматтар жеткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, мұнда көлік құралын мас күйінде басқарған, ұсақ бұзақылық жасаған, қоғамдық тәртіпті бұзған және сот әкімшілік қамау жазасын белгілеген өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген тұлғалар орналастырылады.

Азаматтарды мекемеге жеткізу сот қаулысы шыққаннан кейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезінде тіркеу рәсімі жүргізіліп, медициналық тексеру ұйымдастырылады. Бұдан соң қамауға алынғандар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орналастырылады.

Мекемеде ұстау жағдайлары нормативтік талаптарға сай қамтамасыз етіліп, белгіленген режимнің сақталуына бақылау жасалады.

Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев әкімшілік қамау құқық бұзушылықтардың алдын алуда тиімді шара екенін атап өтті.

– Әкімшілік қамауға алынғандарға арналған қабылдау орны – құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты сот шешімдерін орындауға арналған мекеме. Біздің міндетіміз – заңды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және профилактикалық ықпал ету. Тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік қамау қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді тетігі, – деді Тимур Ноғайбаев.

Полицияда жауапкершіліктің бұлтартпастығы қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қаладағы құқық бұзушылық деңгейін төмендетудің негізгі факторларының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру