Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында сотталғандар арасында мәдени іс-шара өтті

Қарағанды облысында сотталғандар арасында мәдени іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №36 мекемесінде Алғыс айту күніне орай сотталғандар арасында тәрбиелік және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Аталған іс-шаралар сотталғандардың бойында ризашылық сезімін қалыптастыруға, отбасы құндылықтарын құрметтеуге, әлеуметтік пайдалы байланыстарды нығайтуға және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталды.

Іс-шара аясында "Күткен жандарға алғыс" атты акцияға ерекше назар аударылды. Акцияның негізгі мақсаты – сотталғандардың жақын туыстарымен туыстық байланыстарын сақтау және нығайту, сондай-ақ жазасын өтеу кезеңінде отбасының көрсеткен қолдауы үшін жауапкершілік пен алғыс сезімін қалыптастыру.

Акция барысында сотталғандар өздерінің туған-туыстарына арнап өлең жолдары арқылы қысқаша бейнеүндеулер дайындап, жүрекжарды алғыс сөздерін білдірді. Өз сөздерінде олар отбасының өмірлеріндегі маңызын, жіберген қателіктерін түсінгендерін және түзелуге деген ұмтылыстарын атап өтті.

– Өткізілген іс-шара сотталғандардың құқыққа мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыруға оң ықпал етіп, әлеуметтік тұрғыдан пайдалы ұстанымдарының нығаюына және мекемедегі моральдық-психологиялық ахуалдың жақсаруына әсерін тигізді, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Арман Кошкинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру