Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның бас полицейі оқушыларға ҚР жаңа заңы туралы айтып берді

СҚО-ның бас полицейі оқушыларға ҚР жаңа заңы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі заттарын өткізуді ұйымдастырушылар қылмыстық схемаларға жасөспірімдерді тартуға ұмтылуда. Бұл – бүгінгі күннің өзекті сын-қатерлерінің бірі.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар жасаған тыйым салынған заттарды таратуға қатысты 4 дерек тіркелді. Тағы бір жасөспірім есірткі граффитилерін салу арқылы есірткіні насихаттады деген күдікке ілінді.

Осындай фактілердің алдын алу және жастарды өзге де қауіп-қатерлерден сақтау мақсатында полицейлер білім беру ұйымдарында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

СҚО полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен және "Жас сақшы" сыныбының тәрбиеленушілерімен кездесті. Кездесу барысында жол қозғалысы қағидаларын сақтау мәселесінен бастап лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік қаупіне дейінгі негізгі қауіпсіздік тақырыптары қамтылды.

Баяндамасының жеке бөлігін есірткі заттарын өткізудің алдын алуға арнаған ол "жеңіл табыс" ұғымының соңы бас бостандығынан айыру және бұзылған болашақ екенін атап өтті. Психоактивті заттарды өткізгені үшін ең төменгі жаза – 7 жыл бас бостандығынан айыру.

Сондай-ақ Абай Жусупов 2026 жылғы 2 наурызда күшіне енген "Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының жаңа заңы жөнінде ақпарат берді. Заңда білім алушылар арасындағы тәуекелдерді ерте кезеңде анықтау, ата-аналармен тығыз өзара іс-қимыл орнату, қараусыздықтың алдын алу шаралары көзделген.

Солтүстік Қазақстан облысында полицияның басшылық құрамы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда. Жақын арада бұл жұмыс Петропавл қаласының барлық мектептері мен колледждерін қамтитын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру