Жетісуда патрульдік полицейлер жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті
Жетісуда патрульдік полицейлер жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Әділет Мұнайтбасов пен Еркебұлан Тұқтыбаев қызмет атқару барысында жолда бұзылып қалған автокөлікке дер кезінде көмек көрсетті.
Қысқы кезеңде тасжолда тоқтап қалған көлік жүргізуші мен жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген. Полицейлер көлікті трос арқылы тіркеп, жақын маңдағы техникалық қызмет көрсету станциясына дейін жеткізді.
Азаматтардың қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін қызметкерлер патрульдеу бағыты бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырды.
Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қиын жағдайға тап болған адамдарға жедел көмек көрсету — қызметтің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.
