Кентауда ПБ бастығы 150-ден астам оқушыға профилактикалық әңгіме өткізді
Кентауда ПБ бастығы 150-ден астам оқушыға профилактикалық әңгіме өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы Д. Қонаев атындағы №10 мектепте оқушылармен кездесу өткізді. Шараға мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің мүшелері мен 150-ден астам оқушы қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу, қоғамда кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдерінің құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері қаралды.
Профилактикалық әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, ата-аналар мен заңды өкілдердің балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу мен бақылаудағы рөлі, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаудың салдары жайлы ақпарат берілді. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық бұзушылықтан аулақ болудың маңыздылығын терең түсінді.
