Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Астана – есірткісіз қала": тұрғын үй секторында профилактика күшейтілді

Астанада тұрғын үй секторында профилактика күшейтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Астана – есірткісіз қала!" іс-шаралар жоспары аясында және есірткі қаупіне қарсы жүйелі жұмыстың шеңберінде тұрғын үй секторында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Жұмыс қалалық әкімдіктің Тұрғын үй басқармасы мен полицияның ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Негізгі мақсат – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және есірткінің заңсыз айналымына қарсы тұру мәселесінде белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына жасырын қойылған есірткі заттарын немесе күдікті адамдарды анықтаған жағдайда қалай әрекет ету керектігі жөнінде ерекше назар аударылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Азаматтарға нақты іс-қимыл алгоритмі түсіндіріледі: тыйым салынған заттарды немесе олардың таратылу белгілерін байқаған жағдайда, жадынамаларда көрсетілген анонимді нөмірлер арқылы дереу полицияға хабарлау қажет. Күдікті заттарға қол тигізбеу және өз бетінше әрекет жасамау керектігі ескертіледі. Уақтылы хабарлау аула, подъезд және тұтас үйдің қауіпсіздігін сақтап, ауыр салдардың алдын алуға мүмкіндік беретіні атап өтіледі.

Профилактикалық жұмыс барысында тұрғындарға есірткі заттарының денсаулыққа зияны, адамның тұлғалық дамуына және отбасыға тигізетін жойқын әсері, сондай-ақ заңнамада көзделген сақтау және өткізу үшін жауапкершілік туралы да түсіндірілуде.

Көпқабатты үйлердің подъездеріне жадынамалар мен ақпараттық брошюралар ілумен қатар, материалдар үйішілік чаттарға да жіберілуде. Бұл маңызды ақпаратты барынша кең аудиторияға жедел жеткізуге және әрбір тұрғын үшін қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Профилактика – есірткі қаупімен күрестің ең маңызды бөлігі. Оған тек қоғам, коммуналдық қызметтер және құқық қорғау органдары бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру