Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында балалар қауіпсіздігіне арналған жаңа профилактикалық кабинет ашылды

Жамбыл облысында балалар қауіпсіздігіне арналған жаңа профилактикалық кабинет ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қордай ауданының полиция бөлімі базасында профилактикалық кабинет пайдалануға берілді. Жаңа кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов, сондай-ақ аудандық ардагерлер, әкелер және аналар кеңесінің төрағалары қатысты.

Кабинет ақпараттық стендтермен, әдістемелік және үлестірме материалдармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар психологтар, нарколог-дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен кешенді жұмыстар атқару көзделген.

Бауыржан Үдергенов өз сөзінде жаңа кабинеттің маңызына тоқталып, бұл бастама жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және отбасы-мектеп арасындағы өзара іс-қимылды жүйелеуге бағытталғанын атап өтті.

Балалардың қауіпсіздігі – ел болашағының кепілі. Сондықтан мемлекет, ата-ана және қоғам бірлесе әрекет еткенде ғана қауіпсіз әрі құқықтық мәдениеті жоғары орта қалыптасады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру