Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-да мерекелік шара өтті

Павлодар облысы полиция департаментінде нәзік жанды қызметкерлерді мерекемен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Павлодар облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы әйел-полицейлерді мерекемен құттықтады.  Барлық нәзік жанды, мейірімді әрі көрікті жандарға ең шынайы тілектер арналды.

Департамент бастығының орынбасары Жандос Орынбаев әйелдерді көктем мерекесімен құттықтап, олардың отбасының берекесін сақтаушы бола отырып, ер азаматтармен қатар құқық қорғау жүйесінде абыроймен қызмет атқарып жүргенін атап өтті. Сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқарып жүргені үшін алғысын білдірді. Әйелдер қандай жағдайда да өздерінің даналығы мен көркемдігіне, нәзіктігі мен тартымдылығына адал болып қала беретінін айтты. Барлық қатысушы нәзік жандыларға бақыт, шығармашылық табыс, бейбітшілік, сұлулық және қызметте жетістіктер тіледі.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылды.

Осылайша, шекті атағынан бір саты жоғары полиция подполковнигі кезекті арнайы атағы Юлия Карцанова мен Бахытгүл Сайткалиеваға табысталды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі істер органдарындағы адал қызметі, қызметтік қызметіндегі жоғары көрсеткіштері және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін" медалімен Алия Ниязова мен Анар Конкаева марапатталды.

ІІМ грамотасымен Альмира Каскабаева, Алия Мерканова және Шынар Арыстанова марапатталды.

"Ішкі істер органдарының үздігі" төсбелгісімен Сауле Айтбаева, Әсемгүл Абдығалиева және Алмагүл Увалиева марапатталды.

ІІМ грамотасына Мадина Балтабай мен Мирамгүл Токпанова ие болды, ал Алмагүл Каримкулова мен Мөлдір Макажановаға алғыс жарияланды.

Сонымен қатар полицей-кинолог Ермұхановтың анасы Меруерт Қошербаевна ұлын тәрбиелегені үшін Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Тәртіп сақшылары қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлердің туған-туыстарына да құрмет білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.

Осы күні кезекшілік атқарған қызметкерлер де назардан тыс қалмады.

Мереке құрметіне департамент бастығының бұйрығымен департаменттің 100-ден астам әйел көтермеленді.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты: әндер шырқалып, әрдайым отбасының тірегі, бейбітшілік пен келісімнің негізі, махаббат пен сұлулықтың символы болған ардақты әйелдерге жүрекжарды тілектер айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру