Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жалған инвестицияға қатысты тергеу басталды

Абай облысында жалған инвестицияға қатысты тергеу басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында зейнеткер "инвестордың" құрбаны болды Семей қаласының полициясына 63 жастағы тұрғын алаяқтық фактісі туралы хабарлап, арызданды.

Анықталғандай, 2025 жылдың қыркүйек айында қаланың 24 жастағы тұрғыны ақшаны тиімді айналымға салып, көбейтіп беремін деген сылтаумен оның жинақ қаражатын иемденіп кеткен. Әйел қосымша табыс табамын деп үміттенген, алайда берілген уәделер жалған болып шыққан. Келтірілген шығын көлемі 220 000 теңгені құрады.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме таңдалды.

Полиция жоғары пайда уәде еткен бейтаныс адамдарға ақша бермеуді еске салды. Қаражат салмас бұрын олардың қызметінің заңдылығына көз жеткізіп, ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру