Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер жүздеген көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

ШҚО-да полицейлер жүздеген көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысының аумағында ауа райының күрт бұзылуына байланысты облыстық және республикалық маңызы бар екі тасжолдарда қозғалысқа шектеу қойылды. Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.

ШҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәртіп сақшылары жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, енгізілген шектеулердің сақталуын қатаң бақылауға алды, сондай-ақ жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетті.

Ауа райы оңалғаннан кейін патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын ертіп жүру жұмыстарын ұйымдастырды. Арнайы құрылған колонна құрамында 300-ге жуық жеңіл және 120 жүк автокөлігінің қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және автожолдардың жай-күйі туралы ресми ақпаратты бақылап отыруға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру