Ақтөбе облысында мал иелеріне жарық шағылыстырғыш ленталар таратылды
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында үй жануарларының қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әсіресе, қараңғы уақытта жүргізушілерге жолүстінде жануарларды дер кезінде байқау әрдайым мүмкін бола бермейді.
Үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік жолдары бойына жақын орналасқан шаруа қожалықтары иелерімен бірлесіп, сиыр малының мүйізін сәуле шағылысқыш бояумен бояп, жылқылардың мойнына жарық шағылысқыш ленталар тағу жұмыстарын жүргізді.
Бұл жарық шағылысқыштар – тек жануарлардың ғана емес, жүргізушілердің де өмірін қорғайды.
Полиция жүргізушілерге ескертеді: Түнде жылдамдықты азайтып, жолдағы әр сәтке мұқият болыңыз. Бір сәттік сақтық – жануардың да, өзөміріңіздің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
