Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер студенттерге киберқылмыстан қорғану алгоритмдерін үйретті

ШҚО-да полицейлер студенттерге киберқылмыстан қорғану алгоритмдерін үйретті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң мен Тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың № 1 жатақханасында тұратын студенттер үшін профилактикалық дәріс өткізді.

Кездесу “Студент киберқылмысқа тап болғанда не істеуі керек: қайда жүгінуге болады және заң бұзушылық фактісін қалай тіркеуге болады” атты өзекті тақырыпқа арналды.

Шараның негізгі мақсаты — жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернетте қорғанудың практикалық дағдыларын үйрету.

Әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері желіде оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда қолданылатын іс-қимыл алгоритмдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл тәртіп сақшылары мен студенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Диалог алаңы жастардың талқылауға белсенді қатысуына жағдай жасады: олар киберқауіпсіздіктің практикалық аспектілері туралы сұрақтар қойып, толық жауап алды.

Кездесу соңында полицейлер интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар беріп, студенттерді қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға ермеуге және әрқашан тек заң аясында әрекет етуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру