Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда "Үлгілі жүргізуші" акциясы өтті

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы тәртібін нығайту және қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "Үлгілі жүргізуші" профилактикалық акциясын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полицейлер құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, жол ережелерін күнделікті сақтап, өзге қатысушыларға құрметпен қарайтын үлгілі жүргізушілерді ынталандыруға ерекше назар аударды.

https://youtu.be/oubKzH3Nbxwжет

Олар жолда үлгілі тәртіп көрсеткен жүргізушілерді тоқтатып, жауаптылығы мен мәдениеті үшін алғыс білдірді.

- Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің тікелей міндетіміз. Бірақ өз әрекетімен өзгелерге үлгі болып жүрген жүргізушілерді атап өту де аса маңызды. Жолдағы мәдениет дәл осындай азаматтардан басталады, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Осындай іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылар арасындағы өзара құрметті нығайтып, қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Өйткені жолдағы тәртіп әрбір адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру